Әһлу Сүнна ғалымдарының уахабилерге қатысты сөздері. Уахабизм (арабшасы – الوهابية ) – Ислам дінідегі ағымдардың бірі, 18-ғасырда пайда болған. Сүннет жұртының ғалымдары бұларды бірден адасқан ағым екендігін ескере кетті. Бұлар Ислам дініне іріткі салып, мұсылмандарды топ-топқа бөлді және іштей бұзды. Уахабизім бастапқы атауын - Мұхаммед ибн Әбдуль Уахаб әт-Тәмими (1115-1207һ./1703-1792м.) алды. Уахабилердің (жалған сәләфилер) кейбір белгілерін атап өтуді жөн көрдік. 1. Олардың Ақида сенім тұрғысынан ауытқулары, яғни адасулары. Алла Тағалаға дене-мүше сипаттарын береді таджсим, және олардың жаңадан намаз бастаған баурына қоятын сұрақтары “Аллах қайда?”. Уахабилердің қатарларынан болған надандар, Алла Тағала Өзінің аршысында тағында отыр деп біледі, әрі бір мекенде немесе бір бағытта орналасқан, және әрбір түні аспан әлемінен яғни көктен жерге түседі деп сенеді. 2. Ақидадан адаса тұра, олар Әшғарилер мен Матуридилерді орынсыз айыптайды, тіпті Такфир етеді. 3. Сопылықты және сопыларды Құран мен Сүннетке сай амал ететіндер әрине, тариқатттарды, және Тасаууф ұстаздарын орынсыз айыптайды, оларды мойындамайды. 4. Мазхабқа тақлид етпейді төрт сүнни мазхабтарына. 5. төртінші 4 тармақтың жалғасы. Олардың мазхабсыздығы, шын мәнінде иджмағмен бекітілген төрт мазхабты мойындамайды яғни оларды тәрк етеді, және олар өздерінің мазхабтарына ереді, әрі қарай алтыншы 6 тарауды оқимыз. 6. Олар Ибн Таймияның соңынан соқыр ереді тақлид, тек қана өздеріне керегін ғана алып және оның шәкірттерінен де. Әрі олардың шейхтары Әбдуль Уахабқа олардың атауы бойынша уақыттың кутубы, ғасырдың муджадиді, шейхуль Ислам, муджтахид-мутлақ және т.с.с. және қазіргі замандас шейхтарына Әльбани, Ибн Бааз, Ибн Усеймин тағы басқаларына да тақлид етеді. 7. Уахабилерге ең маңызды, әрі өзекті сұрақтардың бірі, бұл - қабір басын зиярат ету! Бұл, маңызды Сүннетердің бірін олар жоққа шығарады, яғни айтарлықтай Пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) зиярат ету және Әулиелердің басына барып зиярат етуді де. Сен ешуақытта да Уахабилердің өздерінің ағайындарының немесе өзінің ата-анасының қабірін зиярат етіп барғанын көрмейсің. Қабір басы оларға тыйым салынған жер! 8. Тағы өзекті сұрақтардың бірі, олар шу көтеретін бұл - Тауәссуль мәселесі және мұсылмандарды ширкте деп айыптаулары. 9. Әулиелердің кереметтерін караматтарын және Тәбәрікті берекетін іздеп табуды мойындамай, оларды жоққа шығарады. 10. Негізгі басым көпшілік мұсылмандар, Уахабилер үшін дінбұзарлар, немесе мүшіріктер көп Құдайшылдар, немесе дұрыс емес әдіснама бағытында манхадж, немесе Ақидадан ауытқығандар. Егерде қандай да бір адамның сұрақтары, болмаса пікірі олармен сай келмесе, онда оған анафема шығарылады яғни одан алыстау керек деп шешім шығарады. Олар, Уахабилер сенімен сөйлесіп отырып, өздеріне қайшы пікір таппайынша кетпейді. 11. Уахабилердің бір белгілері шаштарын қыру болатын, бұрыңғы ғалымдарымыз айтып кеткеніндей, және бұны Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтып ескертіп кеткен болатын! 12. Уахабилердің тарихта аттары шыққалы, олар тек қана мұсылмандармен ғана “джихад” жүргізуде. Олар қай жерде шықса да “уахабилер-джихадиялар”, және олардың адасушылқтарына әрі бидғаттарына қарсы шыққан мұсылмандарды, ақыр аяғында өлтіреді. Ислам тарих беттерінде Уахабилер, кәпірлерге қарсы соғыс жүргізгендігі жайында болған емес . Алайда, Ислам тарих сахынасында аз емес, Әһлу Сүннадан болған сопылар, кәпірлерге қарсы “джихад ” жүргізгені. Олардың аттары әлбетте Ислам тарихында қалады, олар: Салахуддин әл-Әйюби, Нуруддин аз-Занки, Сұлтан Мұхаммед әл-Фатих, Әбдуль Қадир әл-Джазаири, Имам Шамиль, Омар әл-Мухтар және т.б. Әл-Әлляма шейх Джамил Сыдқи аз-Захауи ( Алла оны рақым етсін) 1279-1354һ./1863-1936м. өзінің «әл-Фаджр ас-садык» кітабында былай деп айтты: قال العلامة جميل صدقي الزهاوي الذي واكب مسيرة الوهابية، يقول: الوهابية فرقة منسوبة إلى محمد بن عبد الوعاب، و ابتداء ظهور محمد هذا كان سنة 1143 هـ. و إنما اشتهر أمره بعد الخمسين فأظهر عقيدته الزائفة في نجد و ساعده على إظهارها محمد بن سعود أمير الدرعية بلاد مسيلمة الكذاب مجبرا أهلها على متابعة ابن عبد الوهاب هذا، فتابعوه، و ما زال ينخدع له في هذا الأمر حي بعد حي من احياء العرب حتى عمت فتنته، و كبرت شهرته و استفحل أمره فخافته البادية، و كان يقول للناس: (ما أدعوكم إلا إلى التوحيد، و ترك الشرك بالله تعالى في عبادته)، و كانوا يمشون خلفه حيثما مشى حتى أتسع له الملك. «Уахабилер – бұл діннен бөлінген топ, негізін қалаушы Мұхаммед бин Әбдул Уахаб. Алғашқы рет, ол өзінің ой-пікірімен шыққаны, хижреттің 1143-жыл (1730м.), ол елу жасқа толғаннан кейін, өзінің жақтастарының қолдауымен, үгіт-насихатын ашық жария ете бастады . Өзінің жалған идеологиясын Нәджд (Араб түбегіндегі аймақтарының бір есімі) аймағында тарата бастады. Оны ад-Даргии әміршісі, Мұхаммед бин Сауд (қазіргі Сауд Арабиясы осы кісінің есімімен қойылған) қолдады, бірте-бірте бұл бүлік көптеген араб жерлеріне тарады және кейіннен барлық араб шөлді мекендерді жаулады. Өзінің соңынан ерушілерге жақтастарына айтты: «Мен сендерді Таухидке шақырамын, сондай-ақ пұтқа табынудан бас тартыңдар және тек қана Аллаға сыйыныңдар». Сөйте тұра олардың барлығы оның соңынан ерді, бірте-бірте ол жаңа аймақтарды игерді». аз-Захауи. «Әл-Фаджр ас-садык фи ар-радд галя мункири әт-тауәсул, уа әл-карамат, уа әл-хаварик». 16-бет жалғасы: http://ahlusunna.kz/?p=3254

Теги других блогов: Ислам уахабизм Сүннет